Ер адам көшеде 6 жастағы қызын ұрып-соққан
Павлодардық тұрғынның 6 жастағы қызын басынан екі рет ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенева Facebook желісіндегі парақшасында камераға түсіп қалған видео мен жазба жариялады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам сол сәтте мас болған.
Ол прокуратурадан болған жағдайға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді сұраған.
Араға уақыт салып жергілікті полиция қыздың анасы оның әкесіне қарсы арыз жазудан бас тартқанын мәлімдеді.
Алайда анасының ер адамға қарсы шағым түсірмегеніне қарамастан, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу және асырау міндеттерін орындамағаны үшін әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 тамызда іс сотқа жіберілді.
Сондай-ақ қыздың қауіпсіздігі үшін ер адам қорғау нұсқамасымен 30 тәулікке қамалып, профиактикалық есепке алынды.