Елімізде 40 мың бос жұмыс орны бар

277

Фото: https://www.ncste.kz/ru/gl.specz.-uitҚазақстанда жоғары білікті мамандарға сұраныс 2 есе артты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Тамыз айының қорытындысы бойынша жұмыс берушілер тарапынан белсенділіктің өсуі байқалды, олардың басым бөлігі білім беру ұйымдарына қатысты. Бұл оқу жылының басталуына байланысты болды: білім беру саласындағы бос жұмыс орындарының саны шілдемен салыстырғанда 3 есеге артып, 34,2 мыңды құрады. Бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мұғалімдері мен мамандарына сұраныс 24%-ға өскенін айта кету керек», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ стратегия департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.


Бос орындар саны бойынша екінші және үшінші орындарда құрылыс саласының және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бар.

Сондай-ақ, жоғары білікті мамандарға сұраныс 2 есеге өсіп, 40 мың бос жұмыс орнын немесе бос жұмыс орындарының жалпы санының үштен бірін құраған.

Ал жоғары білікті мамандар тарапынан ұсыныс 21,2 мыңнан 38,9 мыңға дейін өсті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.