Елімізде "Яндекс.Такси" жүргізушілері ресми түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі
Елімізде "Яндекс.Такси" жүргізушілері ресми түрде тіркеле бастады. Пилоттық жоба Астана мен Алматыда өтуде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері ресми тіркелу арқылы қандай пайда көретінін мәлімдеді.
Оларға қандай артықшылықтар қарастырылған:
Такси парктерінің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл ақшаны үнемдеуге және оларды салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Жүргізуші әлеуметтік қамтамасыз етіледі;
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді жеңілдетіледі. Жеке кәсіпкерлікті "Яндекс" платформасы арқылы салық органдарына бармай-ақ тіркеуге болады;
Нақты алынған табыстан 1 пайызы мөлшерінде салық төлейді. Ал қызметкердің табысынан 10 пайыз мөлшерінде ұсталады;
Есеп ұсыну және салық және әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша міндеттемелердің болмайды.
Сондай-ақ комитет Glovo, Wolt, Enrive және т.б. сияқты компанияларды қосу қарастырылып жатқанын айтты.