Биліктен көмек сұрап, жолды жапқан тұрғындарға айыппұл салынды

1 563

Фото: видеодан кадрАқмола облысына қарасты Қоянды ауылында су тасқыны кезінде биліктен көмек сұрап жолды жапқан тұрғындарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл жөнінде Ақмола облысы Целиноград аудандық соты хабарлады. Сот ауылдың алты адамын «заңсыз митинг ұйымдастырды» және «заңсыз митингіге қатысты» деп айыптап (488-бап), 30-50 АЕК көлемінде айыппұл салған. Сот дерегінше, ауыл тұрғындары митинг жөнінде әкімдікке ескертпеген көрінеді.


Ақпаратқа қарағанда, сот Ерік Бралинге – 50 АЕК, Жұмабек Мұса мен Асқар Қарарға әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салған. Сот құжаттарында жауапкерлердің бірі Асқар Қарар 26 наурызда сағат кешкі 7-лер шамасында Қоянды ауылының маңында орналасқан Астана-Павлодар тас жолында «заңсыз шеруге қатысқаны» жазылған.


Еске салсақ, 26 наурызда кешкісін Қоянды ауылының тұрғындары тасқын су қаупіне байланысты жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды талап еткен. Тіпті наразылыққа шыққан. Сол кезде тұрғындар Қоянды ауылына кіреберістегі жолды жауып тастаған.