Балабақша медбике мен тәрбиеші көмекшісі жаға жыртысты

747
Теміртау қаласындағы «Әдемі» балабақшасында медбике мен тәрбишінің көмекшісі жанжалдасты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Балабақшада медбике мен тәрбиешінің көмекшісі төбелескені туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, екі әйел балалардың көз алдында ұрысып, төбелескен.

Оқиға «Әдемі» балабақшасында 30 қаңтарда болды. Медбике тәрбиешінің көмекшісімен жанжалдасқан. Олар балалардың көзінше бейәдеп сөздер айтып, төбелескен. Үйге келген соң балалар болған оқиғаны айтып берген.

Ата-аналар медбикені жұмыстан шығаруды талап етіп отыр.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. «Әдемі» балабақшасының әкімшілігі Теміртау қалалық полициясының Шығыс бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы арызбен жүгінді. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынды, – деді білім бөлімінің өкілі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.