Мектеп директоры ұлын жалған жұмысқа орналастырған

1 830

freepik.comАлматы облысында мектеп директоры ұлын лаборант етіп жалған түрде жұмысқа орналастырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өңірлік соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың тамыз айында Балқаш ауданы мектептерінің бірінің директоры ұлын мекемеге лаборант лауазымына жалған жұмысқа орналастырған. Мемлекетке келтірілген залал 902 мың теңгеге бағаланған.


“Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Сот оған ұрланған қаражаттың 10 еселенген мөлшерінде тоғыз миллион теңге айыппұл тағайындады. Енді мектептің бұрынғы басшысы оны үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей төлеуге міндетті. Әйтпесе жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады”, – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.