"Қазақтың қыздары қызметте отыруы үшін бастығының "төсектесі" болуға міндеттелген" - Айгүл Орынбек

110

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қызмет жасайтын әйелдердің ащы шындығын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Караван сайтына сілтеме жасап.


Айгүл Орынбек Қазақстандағы гендерлік саясатты жоққа шығарды. Заңгер елімізде әйелдердің жұмыс жасауы, яғни, қызметте отыруы қоғамда кері пікір қалыптасқанын ашып айтты. 


"Қазақстандағы гендерлік саясат деген - далбаса әңгіме!

Қазақтың қыздары көшеге шығып тәнін сатса - арсыз, тексіз, сүйекке түскен таңба дейміз! Ұлттың намысын төккен қарабет деп, оны қоғам болып талқылап-табалаймыз!

Ал, Қазақтың қаракөз қыздары өз білім-білігімен қызметке келіп, таза жүріп, Елге адал жұмыс істесе - соңына негізсіз “майшаммен” түсіп, қысым жасап, ақыры заңсыз қызметтік және қылмыстық қудалаумен орнынан құртамыз!

Енді осыдан кейін, қазақтың қаракөз қыздары не істесін?

Қызметте отыру үшін бастығының жемқор “әмияны” немесе “төсектес” болуға міндеттелгені - қоғамның ащы болса да жарасы! Шындығы!", - деп жазды.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.