Талибандықтар әйелдерге жаңа бұйрық берді

424

Кабул қаласы әкімінің міндетін атқарушы Молави Хамдолла Номани ерлер орындайтын жұмыстарды жасайтын, әйелдер қауымы үйде отыруы керек - деді деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтынан сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қала аумағында 2,9 мың адам жұмыс жасайды. Оның ішінде 27% -ы әйелдер және олар аудандық әкімшіліктерде құрылыс және инженерлік салада еңбек етеді.

"Біз жұмысын ер азаматтар істей алмайтын әйелдерге жұмысқа шығуға рұқсат бердік. Олар күнделікті жұмысқа шығып жүр. Мысалы, біз әйелдердің қалалық дәретханаларында жұмыс істейтін әйелдер туралы айтып отырмыз, себебі онда ер адамдар кіре алмайды, - деді әкім.

Сонымен қатар, ол аудандар мен орталық аппаратта ерлер алмастыра алмайтын әйел қызметкерлер бар екенін де жасырмады. Олар электр және құрылыс саласында жұмыс істейді.

"Бірақ басқалар (ер адамдар) орнын алмастыра алатындарға (әйелдерге) үйде отыруды ұсындық. Елдегі жағдай бір реттілікке келгенше үйлерінде отырады және оларға жалақы төленетін болады", - деп қосты әкім.

Тамыз айының басында "Талибан" Ауғанстан үкіметтік күштеріне қарсы шабуылдарын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді және келесі күні соғыстың аяқталғанын жария етті. Осы айдың соңғы екі аптасында американдық әскерилердің қорғауында болған Кабул әуежайынан Батыс азаматтары мен олармен жұмыс жасаған ауғандықтарды жаппай көшіру жүргізілді. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып, АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылға жуық әскери операциясына нүкте қойды.

6 қыркүйекте тәліптер Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панджшер елді мекенінің өздеріне қосылғаны турады хабарлады. Келесі күні Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланып, билік басына Мохаммад Хасан Ахунд келді. Айта кетейік, Мохаммад Хасан бірінші Талибан билігі кезінде сыртқы істер министрі болған және 2001 жылдан бері БҰҰ санкцияларында жүрген адам.