Қол-аяғы скотчпен байланған: 7-сынып оқушысы көшеден жалаңаш күйде табылды
Шу облысында жетінші сынып оқушысы көшеден қол-аяғы байланған, жалаңаш күйде табылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 24 қазанда болған. Мектеп оқушысын зейнеткерлер тапқан. Қыз ес-түссіз күйде көшеде жатқан.
Куәгерлер полиция мен қыздың туыстарын шақырған. Мектеп оқушысы патронатта тәрбиеленетіні белгілі болды.
Құзырлы органдар ақпаратты растады. Бұл дерек аудандық полицияда тіркелген. Жәбірленушіден сараптама, жауап алынды.
Сонымен қатар, күдіктілер анықталғаны, жауап алынғаны айтылған.
Қаз
Рус






