Ақылы жолдардағы жылдамдық енді қатаң бақыланады
2025 жылғы 29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" ақылы автожолдарында жылдамдықты бақылау автоматтандырылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жүйе көліктің нақты жылдамдығын тіркеп, оны шектеумен салыстырады. Жылдамдықты асыру фактілері Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай орталығына жіберіліп, материалдар автоматты түрде дайындалады.
Бақылау аркалары орналасқан учаскелер:
Көкшетау – Петропавл: Драгомировка (354 км), Астраханка (443,8 км), Бескөл (473,126 км)
Алматы – Қорғас: Балтабай (38,243 км), Ұйғыр (204,648 км), Панфилов (205,480 км)
Жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін, әсіресе жылдамдықты қатаң сақтауға кеңес беріледі. Бұл жүйе жол қауіпсіздігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.







