Балабақшада тәрбиешінің қарауынсыз қалған бала терезеден құлап кеткен

136

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы балабақшада тәрбиешінің қарауынсыз қалған бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


11 шілдеде Алтай қаласының балабақшасында түскі ұйқы кезінде бала терезеден құлаған. Ересектердің қарауынсыз қалып, құлаған бүлдіршін жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.


Шығыс Қазақстан облысының білім беру бөлімі тексерістен кейін тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.


"Түскі ұйқы кезінде тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін сыртқа шығып кеткен. Осы кезде топта бөлмені тазалайтын тәрбиешінің көмекшісі болды. Өкінішке қарай, қызметкер баланың оянғанын және дәретханаға өздігінен барғанын естімей қалған. Нәтижесінде жазатайым оқиға болды. Өзінің еңбек міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Тәрбиешінің көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды", – деді Алтай ауданының білім бөлімі басшысының м. а. Ольга Рогожина.


Бала құлағаннан кейін бір апта ауруханада болды. Дәрігерлер нәрестеге іштің көгеруін анықтады. Зардап шеккен баланың ата-анасы балабақшаға ешқандай шағым жоқ екенін айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.