Оқулықтар қайта-қайта өзгертілгені үшін 16 млрд теңге шығын әкелген
Қазақстанда оқулықтарды қайта-қайта өзгертуден ел экономикасына 16 млрд теңге шығын келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, орта білім беру саласында мемлекеттік аудит жүргізілген. Бұл аудиториялық іс-шара 2019 жылдан бергі кезеңді қамтиды. Саладағы стратегиялық құжаттардың үнемі ауысып отыруы бұрынғы бастамалардың аяқсыз қалуына әкеп соққан.
Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 млрд теңгеден асқан. 5 жыл ішінде бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген екен.