Оқулықтар қайта-қайта өзгертілгені үшін 16 млрд теңге шығын әкелген

1 375

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотҚазақстанда оқулықтарды қайта-қайта өзгертуден ел экономикасына 16 млрд теңге шығын келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, орта білім беру саласында мемлекеттік аудит жүргізілген. Бұл аудиториялық іс-шара 2019 жылдан бергі кезеңді қамтиды. Саладағы стратегиялық құжаттардың үнемі ауысып отыруы бұрынғы бастамалардың аяқсыз қалуына әкеп соққан.

«Білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүргізілмейді. Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығарылып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі», - деп жазылған жоғары аудиторлық палата есебінде. 

Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 млрд теңгеден асқан. 5 жыл ішінде бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген екен.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.