«Жанымды ауыртады»: Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаз үн қатты

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagramКаспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық қаза тапқан қаруластарын еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бекет бірге қызмет етіп, бір сапта жүрген жолдастарынан айырылу өзіне ауыр соққы болғанын айтып, марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Мен аман қалғаныммен, сол күнгі қайғы мен қасірет жүрегімде мәңгі қалады. Қасымда болуға тиіс бауырларымның енді арамызда жоқтығы жанымды ауыртады», – деп жазды сарбаз.

Ол қаза тапқан қаруластарын ешқашан ұмытпайтынын айтып, олардың жарқын бейнесі жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Бекет Қуандық – Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаздың бірі. Оның анасының айтуынша, Бекет оқиға кезінде өз күшімен жағаға шыққан. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.