Жалғызбасты ата-аналарға жұмыстан ерте қайтуға мүмкіндік берілмек

1 501

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚырғызстанда 14 жасқа дейінгі баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға жұмыстан бір сағат ерте қайту мүмкіндігі берілмек. Тиісті өзгерістер Еңбек кодексіне енгізілетін заң жобасы ретінде қоғамдық талқылауға ұсынылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бастама ата-аналарға ғана емес, баланы жалғыз тәрбиелеп отырған асырап алушылар мен қамқоршыларға да қатысты болып отыр. Жеңілдікті пайдалану үшін жұмыс берушіге өтініш беру қажет.

Бұл ретте қызметкердің жалақысы мен сыйақысы толық көлемде сақталады. Жұмыс беруші босатылған уақытты кейін жұмыс істеп өтеуді немесе оның орнына ақшалай өтемақы төлеуді талап ете алмайды. Бір сағаттық жеңілдік жұмыс кестесіне және отбасындағы бала санына қарамастан беріледі.

Заң жобасын әзірлеушілер бұл шара, әсіресе, көлік кептелісі жиі болатын ірі қалаларда тұратын ата-аналарға қолдау болады деп есептейді. Өйткені жұмысқа кешірек келу немесе ертерек қайту балаларды мектепке, балабақшаға апарып-алып келуді жеңілдетеді.

Жеңілдік бала 14 жасқа толғанға дейін қолданылады. Заң қабылданса, ресми жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң күшіне енеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.