Балиде мускат жаңғағын жеген әйел сөйлеуден де, жүруден де қалды

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИБалиде ресейлік турист жергілікті базардан сатып алған мускат жаңғағын жеп,  сөйлеуден және жүруден қалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бар мәліметке сәйкес, әйел қызымен бірге дәмдеуіштер сатып алған, ал сатушылар оларға сыйлыққа алты мускат жаңғағын берген. Оларды жегеннен кейін ресейлік әйелде ауыр неврологиялық бұзылыстар пайда болды: ол қалыпты сөйлеуден және жүруден қалды.

Бұған мускат жаңғағының құрамындағы миристицинмен улану себеп болуы мүмкін. Көп мөлшерде ол галлюцинация, сананың шатасуы, қимыл-қозғалыстың бұзылуы және басқа да қауіпті белгілерді тудыруы мүмкін.

Мускат жаңғағы тек дәмдеуіш ретінде, аз мөлшерде ғана қолданылады. Оны тұтастай, әсіресе көп мөлшерде жеу денсаулық үшін қауіпті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.