Павлодарда 18 жастағы жігіт жағажайда із-түссіз жоғалып кетті

327

Павлодарда 18 жастағы жігіт жағажайда із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 
VITA іздестіру жасағына 17 жастағы ер баланың жоғалғаны туралы хабар түнде жеткен. Еріктілерге хабарсыз кеткен адамның суға батып кетуі мүмкін екені де айтылған.

“Еламан тағы бір жас адаммен орталық жағажайда, жағажай футболына арналған алаң маңында демалып жүріп, судан қайтып оралмаған. Жағажайда адам көп болғанына қарамастан, оның қайда кеткенін ешкім көрмеген",  деп түсіндірді еріктілер. 
Еріктілердің айтуынша, Еламанмен бірге демалған танысы жігітті 1 сағаттан артық күткен. Кейін ол жоғалған жігіттің заттарын жағалауда қалдырып, кетіп қалған. Біраз уақыттан соң павлодардың жігіттің сөмкесі мен аяқ киімін біреу алып кеткен. 
Облыстық полиция департаментінде жігіттің жоғалғаны туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.
VITA волонтерлері қала тұрғындарын жоғалған жігіттің қайда екені туралы мәлімет болса, хабарлауға шақырды.