Қоғамдық еңбек орнына түрме жазасын сұрады

1 526

Фото: ©canva.comШығыс Қазақстан облысында қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеуге мүмкіндік алған сотталушы түрмеге қайта түскісі келген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Ол қоғамдық жұмыстардан бас тартып, қамау жазасына ауыстыруға өзі өтініш берген.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ақпаратынша, ер адам Үлбі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған. Оған қоғамдық жұмыстардан жалтару қатаң жазаға әкеп соғатыны ескертілген.

«Алайда оның түзелуге деген талпынысы тек төрт күнге ғана жетті. Сотталушы қоғамдық жұмыстардың 16 сағатын ғана өтеп, аумақты тазалаған. Содан кейін себепсіз жұмысқа шығуын тоқтатқан. Профилактикалық әңгімелесу кезінде ер адам пробация қызметінің мамандарына қоғамдық жұмыстарды жалғастыруға ниеті жоқ екенін айтып, жазаны қамауға алумен ауыстыруды сұрады», – делінген ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Пробация қызметі сотқа жазаны ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.