Ақтөбеде 6-сынып оқушысы әпкесі телефонын тартып алғаны үшін өзіне қол салды

416

Ақтөбе облысы Темір ауданында оқушы қыз әпкесіне ренжіп, өзіне пышақ сұғып алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қазір ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға кеше болған. Оқушы қыздың әпкесі сіңілісін тәртіпке шақырып, телефонын алған. Осы кезде ашуға берілген қыз өзіне пышақ салып алады. Ал анасы 10 минутқа сыртқа шығып кеткен. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Операция жасалған. Жағдайы қалыпты.

Оқушы толыққанды отбасынан шыққан. Төрт қыздың кішісі. Әкесі кәсіпкер. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қатарына кірмейді. Бала мектепте үздік оқиды, белсенді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Жұмагерей Наурызғалиұлының айтуынша, қазір мектепте тиісті мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазір балалар телефонға үйір. Ішкі істер бөлімімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қандай да бір агрессивті ойынды ойнай ма деген күмән бар. Бала сабақтан қалмайды. Қандай да бір ауытқушылық белгісі жоқ,—деді бөлім басшысы.

Қазір оқушының анасы қызының қасында отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.