Ресей өзінің «Россграм» әлеуметтік желісін сәуірде іске қоспақшы
385
Әзірлеушілер қосымшаны бұрын елде бұғатталған Instagram-ның ресейлік аналогы деп атады.
Әлеуметтік желі, оны жасаушылар уәде еткендей, Android және iOS үшін танымал қосымшаның таныс функционаларын қайталайды.
Жобаның тең құрылтайшысы және PR-директоры – ВКонтакте әлеуметтік желісін және осы аттас компанияны, сондай-ақ, кросс-платформалық Telegram мессенджерін жасаушылардың бірі Павел Дуровтың сыныптасы Александр Зобов.
Әзірлеушілер алғашқы пайдаланушы блогерлерге жоба серіктесі болуды ұсынады. Қарапайым пайдаланушылар Россграмды 2022 жылдың сәуірінен бастап пайдалана алады.
Ресейде Instagram, Facebook, Twitter әлеуметтік желілері бұғатталған. Аталған реакция Reuters ақпарат агенттігінің эксклюзивті материалынан кейін жүзеге асты. Басылым журналистері Meta компаниясының корпоративтік құжаттарында ресейлік сарбаздардың Ресей мен Беларусь президенттеріне қарсы зорлық-зомбылық жасауға шақыратын рұқсатын тапты, егер бұл Украина әскери операциялар туралы болса.
Сондай-ақ, Ресей билігі тәуелсіз БАҚ-қа тосқауыл қоя бастады. Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа Ресейдің Украинаға басып кіруін соғыс деп атауға тыйым салып, оны «арнайы операция» деп атауды талап етті. Жаңа заңға сәйкес, «Ресей армиясы туралы жалған ақпарат» таратқан азаматтар 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Россграмда пайдаланушылар үшін қосымша монетизация құралдары болады — мазмұнға ақылы қолжетімділік, қаражат жинау функциясы (краудфандинг), жолдау бағдарламасы және т.б. Дәл қазір сізде ерекше артықшылықтарға ие бірінші пайдаланушы болу мүмкіндігі бар. Бастапқыда қолжетімді блогерлер мен серіктестер (демеушілер мен инвесторлар) үшін ашық болады» делінген Россграм веб-сайтында.