Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.
Ведомство жүк тасымалдаушылар мереке күндері шекарадағы кептелістерге түспеу үшін ауа-райын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын-ала жоспарлап, брондалған күні өткізу пункттеріне келу керектігін айтты.
Мемлекеттік кірістер комитеті мереке күндері шекара жабылатынын айтты.
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





