Запорожье АЭС-і толығымен Ресейдің бақылауына өтті

323

Запорожье атом электр станциясы толығымен Ресей қарулы күштерінің бақылауында, станция штатты режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Ресей қарулы күштерінің өкілі Украина әскерилерімен келіссөз өтіп, нәтижесінде олардың қаруларын өткізгенін мәлімдеген. Шамамен 240 адам әскери іс-қимылға қатыспау туралы құжатқа қол қойып, станция аумағынан шығарылған. 

"Қазір станция штатты режимде жұмыс істеп тұр, нысан әкімшілігі өз міндетін атқаруда. Атом электр станциясын Ресей қарулы күштері толық өз бақылауына алды", - деп мәлімдеді қарулы күштер өкілі. 


Ресейдің қорғаныс министрлігі 4 наурызда украиналық әскерилермен қарулы қақтығыс орын алып, оқу-жаттығу орталығында атыс болғанын хабарлаған еді.



"Қақтығыс кезінде атыс көздері жойылды. Артқа шегінген әскерилер оқу-жаттығу орталығына өрт қойды. Төтенше жағдай күштерінің көмегімен от ауыздықталды. Атыс және өрт кезінде нысанда бейбіт тұрғындар болған жоқ", - деп нақтылады Ресей қарулы күштерінің өкілі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.