Таразда қызы өз әкесінен 600 000 теңгеден астам ақша ұрлаған
Таразда 60 жастағы ер адамның 34 жасатағы қызы өз әкесінің шотынан 600 мың теңгесін аударып алған , деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Құқық қорғаушылар жәбірленушінің арызынан соң кінәліні ұстады.
Полицияға 60 жастағы ер адам бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен, жеке есеп шотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударғанын айтып, арызданған.
Осы баптың санкциясына сәйкес кінәлінің мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеу, сол мөлшерде түзету жұмыстары, сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, түріндегі жаза көзделген.