Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерлерді мезгілсіз мазалай алмайды

1 279

фото: freepik.comҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған жаңа ереже бойынша микроқаржылық ұйымдар қарыз алған борышкерлерге күніне үш реттен артық хабарласа алмайды. Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жоспарланып отырған түзетулер мерзімі өткен несие берешегі туралы ескертіп отыратын банк қызметкерлерінің қарыз алушыға қоңырау шалу тәртібін реттейді. 


Қаулы жобасына сәйкес, қарыз алушыларға қоңырау шалу шектеледі:


Жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін, үш реттен көп емес;

Демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден бастап 19:00-ге дейін, екі реттен көп емес.


Микроқаржы ұйымдары, банк қызметкерлері және коллекторлар аптасына үш рет қана қарыз алушылардың тұрғылықты мекен жайына баруына және микроқаржылық ұйымдар кеңсесінде кездесе алады. Кездесу күніне бір реттен жиі емес, уақыты сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.


Борышкердің туыстары мен жақындарынан арыз алушының тек тұрғылықты жерін немесе байланыс телефоны туралы сұрауға болады. Олармен сөйлескен кезде қарыздың сомасы, сипаты немесе себептері туралы айтып, оларды жаңылыстыруға, сондай-ақ  олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға тыйым салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.