Мектеп оқушыларының жанжалы пышақ жарақатымен аяқталды
Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған жасөспірім өзінен жоғары сынып оқушысымен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Оқиға салдарынан жараланған оқушы ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қанды оқиға Орал қаласына жақын орналасқан Подстепное ауылындағы мектепте орын алған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, екі оқушы мектептің дәретхана маңында сөзге келіп қалған. Сол кезде 9-сынып оқушысы пышақ алып, қарсыласын жаралаған деген болжам бар.
Қазір мектеп маңын полиция қоршауға алған, оқу орнының әкімшілігі құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуде.