Нанның ішінен ұстараның жүзі шықты

1 554

Фото: видеодан скринАстана тұрғыны «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесінен сатып алған ашытқысыз, асқабақ қосылған нанның ішінен ұстараның жүзін тауып алғанын хабарлады. Іс-шара Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазмедиа» ғимаратында өткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол жәрмеңкеде тұрған егде жастағы сатушыны қолдау мақсатында нанды 1500 теңгеге сатып алған. Алайда үйіне келген соң нанды кескен кезде ішінен қауіпті зат шыққанын көріп таңғалған.

«Нанды кесе бастағанда ішінен лезвие шықты. Өзім нан жемеймін, тек күйеуім жейді. Әжейге көмектескім келген еді», — деп жазды ол Threads желісінде видео жариялап.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға бейжай қарамай, тиісті органдардың тексеру жүргізуін талап етті.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Өтініш жазыңыз», — деп кеңес берсе, енді бірі «Мұны бала жеп қойса не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты» деп жазған. «СЭС пен полицияға жүгініңіз, бұл өте маңызды» деген пікірлер де көптеп айтылды.

Кейбір қолданушылар «үй жағдайында әзірленген өнімдер әрдайым қауіпсіз бола бермейді» деп ескертуде.

«Мен ешқашан үйде жасалған өнім алмаймын. Оның қандай жағдайда дайындалғанын ешкім білмейді», — деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Ал оқиғаның өзіне қатысты қыз әзірге ешқандай мемлекеттік органға шағымданбағанын, бірақ сатушымен сөйлескенін айтады. Оның сөзінше, сатушы жағдайды нанға өрнек салатын жұмысшылардың ұстара жүзін байқамай түсіріп алуы мүмкін деп түсіндіріп, кешірім сұраған.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.