Қоғамда дау туғызған мәлімдемесінен кейін Ринат Зайытовтың тәртібі мәжілісте қаралды

1 215

Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытовтың тәртібі қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Біраз уақыт бұрын Зайытов қоғамдағы мәселелерді қозғап сұхбат берген. Ол аялаяқтық тақырыбына да сөз қозғаған еді. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов  сұхбатында "Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитындар" деген мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемесі жайлы қоғам белсенділері түрлі пікір білдірді. Ал, қарапайым халық екі тарапқа бөлінді. Бірі бұл пікірмен келіссе, екінші тарап намазхандарды тілге тиек етіп, бұлай сөйлеуін  құп көрмеді. 


Депутат журналистерге берген жауабында даулы мәлімдемесінен кейін Мәжілісте тәртібі сөз болғанын айтты. 


"Бұл туралы әлеуметтік желіде де жаздым. Өз ұстанымымнан таятын болсам, сіздер бірінші естисіздер. Иә, шағымдар, арыздар болды. Дисциплинарлық топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой", - деді депутат.