"Ұлттық қордан алынған қаржы түскен кірістен асып кетті": Есеп комитеті бюджеттің атқарылуын сынға алды

219

Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында мұндай тенденцияға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. 2019-2020 жыл туралы айтып отырған жоқпыз. Шынымен де пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды", – деп мәлімдеді комитет басшысы



"Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен", – деді Наталья Годунова


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.