Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды

1 345

Фото: №37 мекемесіҚызылорда облысы, Қазалы ауданында пробация есебіндегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазалы ауданында жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға қуаныш сыйлау мақсатында ерекше қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бұл игі бастаманы "Сауал" қоғамдық бірлестігі мен Қазалы аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

Шара аясында пробация есебінде тұрған азаматтардың 15 баласына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Әр бүлдіршінге арнайы дайындалған тәттілер жиынтығы ұсынылып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйланды. Мұндай игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, мереке күндерінде балалардың жүздеріне күлкі ұялату.

Мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Бірі өлең айтып, екіншісі би биледі. Жаңа жылда балаларына ерекше көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға ата-аналары алғыс айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.