Туған балаларын өлтірмек болған әйелдің не себепті ондай қадамға барғаны белгілі болды

328

Ақмарал Басирова атты қоғам белсендісі Алматы қаласындағы Сайран көліне балаларын батырып өлтірмек болған әйелдің бұл әрекетке не үшін барғанын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: polisia.kzБасированың айтуынша, әйел бұл әрекетке күйеуін жұмыстағы әріптестерінен қызғанғандықтан барған. Сол себепті өшін балалардан алмақ болыпты.

Сондай-ақ күдіктінің жүкті екені белгілі болды. Одан бөлек отбасының үш баласы бар. Үлкендері үш және төрт жаста, кішісі бір жастан енді ғана асқан. 

Қазір әйел психоневрологиялық диспансерде жатыр. Қоғам белсендісінің сөзінше, күдікті бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлауынша, балалар ауруханадан шығарылды. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір балалар әкесімен бірге көрінеді. 


Айта кетсек, бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне үш баласын тұншықтырып өлтірмек болған келіншек туралы жазған болатынбыз.