Полиция қайырымдылық жәшігіне ақша аудармас бұрын тексеруді ұсынды

1 513

Фото:© Видеодан скриншотАлматы полицейлері тұрғындарды қайырымдылыққа қаражат аудармас бұрын ұйымдар туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Себебі заңсыз ақша жинайтындар анықталған. Полицияның мәліметінше, соңғы бір аптада заңсыз ақша жинаудың екі дерегі анықталған. Аталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қайырымдылық жасамас бұрын ұйымның ресми тіркелгеніне көз жеткізіп, оның қызметімен, қаржылық есептілігімен және ресми дереккөздерімен танысу ұсынылады.

"Біз азаматтарды қайырымдылық жасаудан бас тартуға шақырмаймыз. Керісінше, шынымен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, бірақ оны саналы түрде жасауды сұраймыз. Ұйым туралы ақпаратты тексеруге жұмсалған бірнеше минут қаражатыңыздың нақты мұқтажға жететініне, алаяқтардың қолына түспейтініне сенімді болуға мүмкіндік береді", – деді қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ күмәнді жағдайлар анықталса, оны полицияға хабарлауға кеңес береді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.