"Хутор" бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды
1 453
“Хутор” қылмыстық ұйымдасқан топтың басышысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істің барысы туралы айтты.
“Бізде қылмыстық істің тергеу нәтижелері бар. Тергеу жұмыстары аяқталды. Хасан Қасымбаевқа тиісті айыптаулар тағылды. Ол қазір қамауда”, – деді Санжар Әділов.
Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Кейіннен "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік.