Қызылордада электронды білезік тағылған екі сотталған түзеу мекемесіне жіберілді
238
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында электронды білезік тағылған екі сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметінің есебінде мыңнан астам азамат пробация бақылауында тұрады. Олардың арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарып жүрген сотталғандар да кездеседі. Пробация инспекторларымен жүргізілген профилактикалық жұмыстардан нәтиже шығармаған сотталғандар сот қаулысымен түзеу мекемесіне жіберілуде. Жыл басынан 26 сотталған түзеу мекемесіне жіберілген.
Солардың бірі – Жалағаш аудандық пробация есебінде тұрған, қайта қылмысқа бейім А. және В. есімді сотталғандар. Екеуі де сот үкімімен ҚР ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігімен біреуі үш жылға, екіншісі төрт жылға шартты жазаға сотты болып, пробациялық бақылау белгіленген. Жуырда екі сотталғанға электронды бақылау құрылғысы да тағылған. Алайда олардың заң талаптарына бағынбай, әкімшілік құқық бұзушылық жасауына электронды құрылғы да кедергі келтіре алмады.
Бірнеше рет ескерту жасалса да тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында себепсіз мекенжайында болмаған. Соңғы рет масаң күйінде жүргендігі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған. Екі сотталғанға қатысты құжаттарды жинақтаған аудандық пробация қызметі оның бас бостандығын шартты жазасының бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолдаған. Сот қаулысымен екі сотталған шартты жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді. Қаулы заңды күшіне енген.