Қызылордада 18 шетелдік азамат елден қуылды

210
Қызылорда облысында “Заңсыз келуші” іс-шарасы барысында 253 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында осы жылдың 10 -17 қазан аралығында облыс аумағында “Заңсыз келуші” іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 7 күнінде 253 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 163 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 18-і республика аумағынан аластатылды.

Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 90 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз, – деді Қызылорда облысы бойынша ПД.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.