Көз алдымда бәрі бұлыңғырланып кетті: Ер адам 28 жастағы алматылыққа қалай шабуыл жасағанын айтып берді

298

Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: видеодан скриншот

Полиция мәліметінше, күдікті Алматы облысының К. есімді тұрғыны, 1986 жылы туған.


"Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді еш себепсіз соққыға жыққан. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.



Күдіктінің өзі әйелге не себепті шабуыл жасағанын түсіндіре алмады. 


"Көз алдымда бәрі бұлыңғырланып кетті. Қызға ешқандай белгілі бір мақсатта шабуыл жасамадым. Тіпті істеген әрекетім есімде жоқ. Мас күйде болмадым. Бәрі жақсы болды. Алдымен онымен танысқым келді. Мен қазір өте қиын кезеңді бастан кешіріп жүрмін. Мүмкін, жүйкеме әсер етті. Есімді жиғанымда оны екі рет ұрып тастаған екенмін. Кейін қорқып, қашып кеттім. Мен өз кінәмді толығымен мойындаймын. Мұның бәрі байқаусызда болды", - деді ол.


Бұған дейін Алматыда белгісіз ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз.


Соққы салдарынан әйелдің қабағы жарылып кеткен. 


"Басынан ұра бастады, қабағы жарылып кеткен. Сосын әрі қарай жүгіріп кетті. Полицияға бірден шағым түсірдік, бірақ бейнебақылау камераларын тексерген жоқ. Оның түрін есімде сақтап қалдым. Оқиға орнына полициядан ешкім келген жоқ, куәгерлерден жауап алмады", – деді зардап шеккен әйел.