Лауазымды тұлғалар арасында төбелес болып, подполковник қаза тапты

2 085

Таразда төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғалары төбелесіп, бір кісі қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға жұма күні таңғы сағат алты шамасында қаладағы "Лаура" қонақүйінің маңында болған.


Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққы алып, құлағаны анық байқалады. Соққы алған ер адам жедел жәрдем келгенше оқиға орында жан тапсырған. Қаза тапқан ер адамның қаладағы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал соққы жасаған ер адам болса, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шықты.


Күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындады. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері де, төтенше жағдайлар департаменті де ақпарат беруден бас тартқан.


Айта кетейік, қаза тапқан подполковниктің артында алты баласы қалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.