Қызылорда облысында алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

202
Қызылорда облысында алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті анықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда облысының ПД Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің тұрғынынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 2022 жылдың қыркүйек айында белгісіз азаматша мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сенімге кіріп, 500 мың теңгесін алып, осы күнге дейін түрлі жалған ақпарат беріп, алдап келген. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерінің күдікті ретінде облыстың 48 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.