Аралдық кәсіпкер жартылай дайын өнім өндірісін өркендетуде

1 504

Фото: Байқоңыр ӘККСоңғы жылдары кәсіпкерлік саласында нәзік жандылардың үлесі артып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әсіресе, шағын және орта бизнес саласындағы қаншама қыз-келіншектер жоғары жетістікке жетіп жүр. Оған мемлекет тарапынан қабылданған түрлі қолдау бағдарламалардың көбейіп, адамдарды кәсіпке баулу мен нәтижелі еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстың жолға қойылуы да әсер етуде.


Бүгінгі біздің «Ауыл аманаты» айдарындағы кейіпкеріміз де мемлекеттің қолдауының арқасында өз кәсібін жандандырып отыр. Арал қаласының тұрғыны Кушжанова Жұлдыз өткен жылы «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, жартылай дайын өнімдерді өндіретін «Адал ас» шағын цехын ашқан болатын.


Бұл бизнесін бастағанына көп болмаса да цехтан шығарылатын Жұлдыздың өнімдеріне сұраныс бірден арта түскен. Қазір Аралдағы қай дүкенге бара қалсаңыз сөрелерінде Жұлдыздың жартылай дайын тамақтары тізіліп тұрады. Нәзік жанды кәсіпкеріміздің айтуынша, жұмыс басты отбасылар, сондай-ақ, студенттерге бұл таптырмайтын мүмкіндік. Тек қана дайын дүниені үйге барып, пісіре саласың. Сондықтан да бұл өнімдерге сұраныс жоғары дейді.


«Адал ас» шағын цехында түшпара, манты самса, жайма және басқа да 15 түрлі өнімдер дайындалады. Өндіріс орнында бүгінде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айта кету керек, кәсіпорын өндіретін өнімдер қазіргі таңда Арал қаласындағы барлық дүкендер арқылы тұрғындарға төменгі бағада сатылуда.


Соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында нәзік жандылардың үлесі артып келеді. Нәтижесі де жаман емес. Бүгінде шағын және орта бизнес саласындағы қаншама қыз-келіншектер жоғары жетістікке жетіп жүр. Оған мемлекет тарапынан қабылданған түрлі қолдау бағдарламалардың көбейіп, адамдарды кәсіпке баулу мен нәтижелі еңбекпен қамту бағытындағы жұмыстың жолға қойылуы да әсер етуде.


Сонымен қатар, қазіргі кезде қоғамда жеке кәсіппен айналысатын әйелдер туралы ақпараттар желдей есуде. Ол да өзін дәлелдеп, кәсіпкерлік саласында озық жүрген қыз-келіншектердің үлесін аңғартады. Бүгінде олардың көбі жеңіл өнеркәсіп, тағам және қызмет көрсету салаларын дамытуда. Өйткені, «Жеті рет өлшеп, бір рет кесуді» жөн санайтын нәзік жандылар кәсіпте де әрбір қадамын нықтап алғанды жөн көреді.


Қарап отырсаңыз, қазір қай  дүкенге бара қалсаңыз да,  сөрелерінде жартылай дайын тамақтың түрлері өте көп. Жұмыс басты отбасылар, сондай-ақ, студенттерге бұл таптырмайтын мүмкіндік. Тек қана дайын дүниені үйге барып, пісіре саласың. Бұл да заманның, технологияның жылдан-жылға дамып келе жатқанының бір дәлелі.


Жартылай дайын өнім – алғашқы өңдеуге ұшыраған,бірақ пайдалануға жарамды болу үшін соңғы өңдеуге мұқтаж өнім.


Машина жасаудағы жартылай өнім

– бұл,әдетте,құюмен,қалыптаумен, соғумен, пластикалық деформациямен немесе электролизбен алынатын, одан әрі кесумен,қалыптаумен өңдеуге арналған немесе өңдеусіз қолданылатын бұйым.Жартылай дайын өнімге,мысалы, құймалар жатады.


Тамақ өнеркәсібіндегі жартылай дайын өнім – бұл,әдетте,аспаздық дайын өнімдер,яғни дайын болу үшін аспаздық өңдеуге ұшырауы керек азық-түлік.Мысалы:котлет, тұшпара,құймақ және т.б.


«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі