Банк шоттарын басқа адамға бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке қанша адам тартылды?
Биылдан бастап банк карталары мен шоттарын, сондай-ақ өзге де төлем құралдарын сыйақы алу мақсатында басқа тұлғаға беру қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы заң қабылданды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Прокуратура мәліметіне сүйенсек, заң күшіне енген сәттен бері елімізде осы бап бойынша жеті қылмыстық іс тіркелген. Атап айтқанда, Астанада алаяқтарға банк шотының деректерін берген 17 жастағы жасөспірімге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оңай жолмен пайда табамын деген оймен әрекет еткен жасөспірім енді 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.