Доллар бағамы өсті

2 661

Фото: depositphotos.comҚазақстанда АҚШ валютасының бағасы көтерілді,-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа салмақты курсы 523,46 теңгені құрап, 1,54 теңгеге көтерілді.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5-524,9 теңгеден сатып алынып, сатылуда. Еуро 601-606 теңге аралығында болса, Ресей рублі 6,55-6,67 теңге шамасында. 2025 жылдың 23 маусымында әлемдік мұнай бағалары өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75,93 долларға дейін көтеріліп, 0,60%-ға артты. West Texas Intermediate (WTI) мұнайының баррелі 74,22 долларға жетіп, 0,51%-ға өсті.

23 маусым күні Ұлттық банк доллар бағамын 521,57 теңге, еуроны – 601,01 теңге, рубльді – 6,65 теңге деп белгіледі.