Экономист ең төменгі жалақыны 140 мың теңгеге дейін өсіруді ұсынды
2 512
Экономист Бауыржан Ысқақ еліміздегі ең төменгі жалақыны көтеру керек деп есептейді, деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.
Сарапшының пікірінше, еліміз ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден кем дегенде 130 000-140 000 теңгеге дейін көтерсе, ол 3,5-4 млн азаматтың жалақысының қазіргіден жоғары болуына әсер етеді. Ол азаматтардың төлем қабілетіне әсер етіп, айлық шығындарының жартысын жалақымен жаба алатындай жағдайға жеткізеді.
"Қазір еліміздегі ең төменгі жалақы халықтың төлем қабілетіне жауап бере алмайды. Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге. Ал орташа жалақы – 400 000 теңге. Әлемдік тәжірибеде орташа жалақының үштен бір бөлігі ең төменгі жалақы болуы керек. Сонда жаңағы 400 000 теңгенің үштен бір бөлігі 130 000-140 000 теңге болады. Ал біздегі 85 мың тіпті әлемдік стандарттың өзіне сәйкес келмей отыр", - дейді Бауыржан Ысқақ.