Экспортты қолдауға жұмсалған 1 теңгенің орнына 500 теңге пайда түседі

2 524

© iStockQazTrade» институтының базасында жыл сайын 450-ден астам компания қолданатын сервистік шаралар шоғырланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Біз «QazTrade» базасында сауда ағындарын қалыптастыратын кәсіби нарық қатысушыларымен бірлесіп, сауда акселераторын іске қосамыз. Бұған экспорттық өнімнің кепілдік берілген көлемін форвардтық сатып алуға аванстық төлемдерді көздейтін өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу ескерілген. Сонымен қатар, нәтижеге қол жеткізу үшін Сауда министрлігінің даму институттарын тарта отырып, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. Қазіргі жағдайды ескере отырып, бюджеттен тыс қаржыландыруды «Бәйтерек» холдингінің құралдарымен, оның ішінде жаңадан құрылған экспорттық-кредиттік агенттікті пайдалану ұсынылды», - деді А. Шаққалиев.


Оның айтуынша, бұл тұрғыда бизнесті ынталандыру және белсенді экспорттаушылар санын арттыру үшін ішкі және сыртқы шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету инфрақұрылымы қалыптастырылды.


«Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша биыл бизнес субъектілеріне экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде сақтандыру және қаржылық қолдау шараларының спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды. Экспорттық ағындардың сыртқы факторларға тәуелділігін төмендету үшін қаржылық шаралар тереңдетілген қайта өңдеу тауарларын қолдауға бағытталады. «QazTrade» институтының базасында жыл сайын 450-ден астам компания қолданатын сервистік шаралар шоғырланған. Соңғы үш жылда экспорттың өсуі тек өсімдік майлары бойынша 2,2, тыңайтқыштар – 1,7, қой еті 4,4 пайызға артты. Біздің есебімізге сәйкес, экспортты қолдауға жұмсалған бір теңге экспорттық түсім бойынша 500 теңгені құрайды. Бұл ретте, сервистік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қолдаудың орташа жылдық көлемі шамамен 2,3 миллиард теңгені құрайды», - деді министр.