Елімізде инфляция деңгейі 8,6% көтерілді
Қазақстанда кейінгі бір жарым жылда бірінші рет инфляция өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айында инфляция 0,7% болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Жылдық негізде тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы өсу деңгейі 8,6%-ға жетті.
Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы 11 жарым пайызға, интернет байланысы орташа есеппен 6,8 пайызға қымбаттады. Әуе қатынасының құны да 12,9%-ға өсті. Азық-түлік өнімдерінің ішінде қырыққабаттың бағасы 16,8%-ға көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, ұлттық валютаның тұрақтылығына байланысты баға өскен.