Гонконгтың жаңа тұмауы қазақстандықтарға жұққан

2 785

Фото: depositphotos/ia__64Қазақстанда жаңа Гонконг тұмауының (H3N2) алғашқы жағдайлары тіркелді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

1968 жылғы әлемдік пандемиядан тараған бұл вирус қайтадан белең алып, дәрігерлердің жіті назарында тұр. Аурудың белгісі тез білінеді: жоғары қызу, құрғақ жөтел, бас пен дененің сырқырауы, жалпы әлсіздік. Бірер күннің ішінде адамды әлсіретіп, 4–5 күнге дейін қалжыратады.

Мамандар балаларды, қарттарды, жүкті әйелдерді және созылмалы дерті бар азаматтарды ерекше сақ болуға шақырады. Тұмауға қарсы екпе – дерттің алдын алудың ең сенімді жолы. Елімізде 2,1 миллион доза вакцина сатып алынып, халықтың жартысына жуығы екпе алды.

Дәрігерлердің кеңесі: көпшілік орындардан аулақ болып, бөлмені жиі желдетіп, қолды таза ұстау – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың қарапайым, бірақ маңызды қадамы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.