Әр минут маңызды: Дәрігерлер бір жасар баланы өлімнен арашалап қалды

2 584

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар КазангаповТүркістан облысында дәрігерлер бір жасар сәбидің өмірін аман алып қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Бала байқаусызда төрт сантиметрлік бұрандалы шегені жұтып қойған. Сәби 27 қазан күні ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер жедел түрде балаға көмек көрсетіп, тыныс алу жолын қарап шыққан. Хирург Мұқағали Темірбековтің айтуынша, шеге баланың тыныс алу жолында тұрып қалған, бірақ білікті әрекеттің арқасында операциясыз алынған.

Қазіргі таңда сәби дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты. Ақ халаттылар ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және ұсақ заттарды қолы жетпейтін жерге қоюға шақырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.