Түркістан облысында 89 жастағы пациентке күрделі ота сәтті жасалды

2 693

Фото: Ордабасы аудандық ауруханасыОрдабасы аудандық орталық ауруханасында алғаш рет 89 жасар пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Науқас 31 қаңтар күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін сол жақ жамбас буынына цементсіз биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты.

Аурухана дәрігерлерінің жаңа емдеу әдістерін игеруі мен кәсібилігінің арқасында мүгедектік қаупі төнген науқас буындарындағы ауырсынуы жеңілдеп, белсенді өмірге қайта оралады. Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.