Коронавирустың "үнді" штамы Алматыдан да анықталған болуы мүмкін
Коронавирустың "үнді" штамы Алматыдан да анықталған болуы мүмкін. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.
Ол "алдын ала болжам бойынша" "үнді" штамы Алматыдан да анықталған болуы мүмкін екенін" растап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған еді. Олардың 56 пайызында алдын ала "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отыр.
Мамандардың айтуынша, мутацияның жаңа түрі аса жұқпалы және таралуы жылдам.
"Қалада аурудың күрт өсімі тіркелуде. 54 науқастан алынған сынаманың алдын ала талдауы олардың 56 пайызы "үнді" штамын жұқтыруы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Мутацияның жаңа түрі ең қауіпті, өйткені өлім қаупі жоғары, адамның иммунитетіне қатты әсер етеді. Ал 39 пайызында "британдық" штамм.
Пациенттердің 80 пайыздан астамында ("үнді", "британдық" штамдар) клиникалық көріністер бар, оның ішінде 20 науқас ауруханаға жатқызылды. 20 пайызында симптомдар жоқ, оның ішінде 1 науқас ауруханаға жатқызылды.
Көпшілігі – дәрігерге көрінген. Сырттан келген алты науқас бар. Олар Ресейден, Ауғанстаннан, Түркістаннан, Ақмола облысынан екі адам және ШҚО-дан", — дейді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Айта кетейік, елордада қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша карантиндік шектеулер енгізілмек.