ДОНОРЛАР АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 303

«14 маусым — Дүниежүзілік донорлар күніне» орай, облыстық қан орталығында «Қан тапсыр, плазма тапсыр, адамдарға өмір сыйла және мұны жиі жаса» ұранымен акция ұйымдастырылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

      Акцияда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейтқасымқызы мен облыстық қан орталығының бас дәрігері Серік Қуандықұлы донорларды мерекемен құттықтап, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. 

     Мереке күні 70-тен аса ерікті донорлар қатысып, қан тапсырды. 

     Ағымдағы жылдың 5 айында өңірімізде қан тапсыруға 5493 адам ниеттенсе, жалпы қан тапсырғандар саны —  4436. Оның ішінде қан доноры - 3922, плазма доноры - 15, тромбоцит доноры - 499.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.