Қазақстанда онкологиялық науқастарды емдеуге қанша қаржы бөлінеді?

1 245

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге жыл сайын қанша қаражат бөлінетінін мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қазақстанда онкологияға шалдыққан науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алады. Оған жыл сайын шамамен 36 млрд теңге қаражат бөлінеді», - деп жауап берген Азамат Дүйсенов.


Сонымен қатар қатерлі ісікке шалдыққандарды емдеу жағдайын жақсарту мақсатында Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы әзірленген.


Мәлім болғандай, алдағы 4 жылда мына бағыттарды дамыту көзделген:


- халыққа онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру;

- инфрақұрылымды жетілдіру;

- ел халқына онкологиялық көмек көрсету сапасын арттыру;

- кадрлық әлеуетті дамыту;

- онкологиялық көмекті цифрландыру;

- онкологиялық ғылымды дамыту.


Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр. Оның ішінде 2021 жылдан бастап 12 848 науқасқа ота жасалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.