Балалар арасында ас қорыту жүйесі аурулары жиілеп барады

2 283

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ KazinformМектеп оқушыларын жыл сайын медициналық тексеруден өткізу қарастырылған. Бұл тұрғыда балалар арасында қай ауру түрлерінің көбейіп бара жатқаны байқалып отыр? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Мектеп оқушыларының профилактикалық медициналық қарап-тексерулері «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 2024 жылы профилактикалық медициналық қарап-тексерулермен жалпы 5 641 085 бала қамтылған, бұл жылдық жоспардың 92,1% құрады, — деді министрлік.

Тексеру қорытындысы бойынша балалардың 9,1 пайызында алғаш рет анықталған аурулар тіркелді.

— Бірінші орында ас қорыту жүйесінің аурулары, екінші орында — қан аурулары, үшінші орында тыныс алу жүйесінің аурулары анықталды, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.